«Оянуын күтіп отырмыз»: Қызының ауруханаға түскенін айтқан Роза Әлқожа елді алаңдатып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Оянуын күтіп отырмыз»: Қызының ауруханаға түскенін айтқан Роза Әлқожа елді алаңдатып қойды

«Оянуын күтіп отырмыз»: Қызының ауруханаға түскенін айтқан Роза Әлқожа елді алаңдатып қойды

Танымал эстрада әншісі Роза Әлқожа балаларының бірінің ауруханаға түскенін айтып, көпшілікті ойландырып қойды.

  • 27 Маусым 2023
  • 5312
Фото - Caravan.kz

Жалпақ жұрт оның қызына не болғанын білмей, алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы.

Роза Әлқожаның айтуынша олар қазір қызының оянуын күтіп отырған көрінеді,

«Қайырлы күн! “Мына халатты кимеймін, бәрі көрініп тұрады. Шалбарымды шешпеймін” деп біраз қиғылық салды. Батыр боп, күшті боп ақылмен келді де, операция залына әкетерде “Мама, менімен жүр” деп құшақтап алды. Ой, мамасының түрі бар болсын, бода-бода боп!..

Ота біткенше мен де біттім. Уақыт деген осынша ұзақ болады екен ғой! Аллаға шүкір! Енді оянуын күтіп отырмыз!Тілектес жандардың барлығына Алла разы болсын! Асан Алиханұлы бастаған дәрігерлер ұжымына мың алғыс! Бар көрген сынағың осы ғана болсын, ақылдым!», — деп жазды ол.

Көпшілік әншінің қызының тездетіп жазылуына тілектестік білдіріп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр. 


"Қызыңыз сауығыа кетсін", "Бәрі жеңілімен болсын", "Балапан аман болсын" деп жазды олар.