Қарағанды облысында Қарағанды-Алматы тас жолының 20-шы шақырымында «Фольксваген» микроавтобусының жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Көлікте отырған 8 жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Тағы бір жол апаты Павлодар облысы Екібастұз қаласында болған. 24-маусым күні таңертең ерте «Мазда-626» және «Ауди-80» автокөліктері соқтығысып қалған. Оқыс оқиға салдарынан екі жүргізуші де сол жерде мерт болып, көліктерде отырған 4 жолаушы, соның ішінде 6 және 11 жастағы екі қыз бала түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.