Алматыдағы жарылысқа қатысы бар күдікті ретінде жеті адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы жарылысқа қатысы бар күдікті ретінде жеті адам ұсталды

Алматыдағы жарылысқа қатысы бар күдікті ретінде жеті адам ұсталды

2004-жылдың 12-мамырында Алматыда болған жарылысқа қатысы бар күдікті ретінде жеті адам ұсталды. Бұл туралы бүгін, 25-маусымда Алматыда ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков журналистерге хабарлады.

  • 25 Маусым 2004
  • 422
Фото - Caravan.kz

Министр тергеушілер тобының жұмысына әсер ете алмайтынын айтып, қамауға алынғандардың атын атаудан және тергеу барысы туралы түсініктеме беруден бас тартты. Алайда, оның айтуынша, қылмыс бір топ адамның алдын-ала сыбайластығы негізінде жүзеге асырылған.

З.Тұрысбеков аталмыш қылмысқа қатысты тергеу жұмыстары оның тікелей өз бақылауында екенін еске сала кетті. «Тергеу барысы аяқтала сала біз бұл туралы ақпаратты бірінші болып таратамыз»,- деп сендірді министр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12-мамырда Алматы орталығында жарылғыш зат жарылып, бір адам мерт болған. Полицияның ресми мәліметіне сәйкес, бұл — алдын-ала жоспарланып жасалған қасақана кісі өлтіру оқиғасы.