"Онсыз да бытшыт болған жүрек": Жақында үйленген Нұрболат Қанай жабырқап жүргенін айтып, жан сырын ақтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Онсыз да бытшыт болған жүрек": Жақында үйленген Нұрболат Қанай жабырқап жүргенін айтып, жан сырын ақтарды

"Онсыз да бытшыт болған жүрек": Жақында үйленген Нұрболат Қанай жабырқап жүргенін айтып, жан сырын ақтарды

Көпшілікке “Qanay” лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай әлеуметтік желідегі парақшасында көңіл күйі болмай, уайымға салынып жүргенін айтты. 

  • 7 Тамыз 2023
  • 547
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

“Қанайларыңның көңіл күйі жоқ. Мен негізі ешкімді ренжіткім келмейді. Бәрінің көңіліне қараймын. Менің көңілімді көбі түсіне бермейді. Аңқаумын ба, білмеймін. Бірақ ешкімге жамандық тілемеймін. Арманымды орындау, ойлаған нәрсені жүзеге асыру, одан түскен пайданы үйдегілерге, айналамдағыларға беру – менің міндетім. Нені дұрыс жасамай жүргенімді әлі түсінбей келемін. Не болса да, бәріне көнемін, онсыз да быт-шыт болған жүрек, көңіліме алмаймын. Бұл сынақтар өзімнің жасап жүрген жасырын күнәлардан немесе Алла сынап жатыр”, – дейді әнші.

Алайда өнер иесі не болғаны ашып айтқан жоқ. 


Айта кетейік, бұған дейін Нұрболат Қанай келіншегі туралы айтқан болатын.