20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды

20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды

 

  • 20 Тамыз 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский айтты.

"Терең күйзеліспен "АрселорМиттал Теміртау" ұжымы атынан мезгілсіз қаза тапқан әріптес кеншілердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Бұл қаза отбасылар үшін, бәріміз үшін ауыр қайғы.

Орны толмас қазаның қасіретін бөлісе отырып, қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерлерге жан-жақты күтім мен оңалту бойынша көмек көрсетіледі.

20 тамыз "АрселорМиттал Теміртау"-да қаралы күн болып жарияланды", — деді ол.


14 тамыз "Қазақстан" шахтасында өрт болып, жер астындағы 227 кеншінің 222-і жер үстіне шығарылды. 5 адам қаза тапты:

  • Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылы туған, еңбек өтілі 21 жыл;
  • Халиков Артур Ринатович, 1994 жылы туған, еңбек өтілі 10 жыл;
  • Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылы туған, еңбек өтілі 39 жыл;
  • Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылы туған, еңбек өтілі 39 жыл;
  • Старовойт Илья Александрович, 1996 жылы туған, еңбек өтілі 4 жыл.