“Сәбиінен айырылған аналар да бар”: Жазира Байырбекова перзентхана аумағында тойлауға тыйым салуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.63
  • 544.5
+34 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Сәбиінен айырылған аналар да бар”: Жазира Байырбекова перзентхана аумағында тойлауға тыйым салуды ұсынды

“Сәбиінен айырылған аналар да бар”: Жазира Байырбекова перзентхана аумағында тойлауға тыйым салуды ұсынды

Танымал әнші Жазира Байырбекова перзентхана алдында даңғаза қарсы алуға қарсы екенін айтты. 

  • 31 Шiлде
  • 5
Screenshot

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында перзентхананың алдында музыканттар мен аниматорларды шақырып, сәбиді сән-салтанатпен қарсы алуды құптамайтынын жеткізді.

“Перзентхананың алдында, музыканттар мен аниматорларды шақырып, сәбиді сән-салтанатпен қарсы алуды дұрыс деп санамаймын.

Өйткені перзентхана – тек қуаныштың емес, кейбір отбасылар үшін ауыр сынақтың да орны. Бір бөлмеде жаңа өмір есігін ашып жатса, екінші бөлмеде біреу үлкен қайғыны бастан өткеріп жатуы мүмкін. Осындай сәттерде айналадағы адамдардың көңіл күйін де ескерген дұрыс.

Қуанышты ешкім шектемейді. Бірақ оны жақындарыңмен үйде, тыныш әрі әдемі атмосферада атап өтсе, тіпті 40 күннен кейін өткізсе де, әлдеқайда жарасымды көрінеді”, — деп жазды ол.

Сондай-ақ, әнші перзентхана басшылығына да үндеу жасап, медициналық мекеме аумағында мұндай мерекелік шараларға шектеу қоюды ұсынды.

“Перзентханадаңы әрбір ананың арманы — дүниеге дені сау сәби алып келу. Сол сәбиді қарсы алу үшін туыстары перзентхананың алдында тойлап жатады. Ал ол жердің ішінде әртүрлі жағдайдағы аналар бар екенін ескере ме?! Ол жерде сәбиін жоғалтып жатқан аналар бар. Сондықтан перзентхана басшыларынан сұрайтыным — перзентхананың аумағында той тойлауға рұқсат бермесе екен. Сәкен Майғазиев пен Динара құрбым секілді сәби қырқынан шыққаннан кейін де үйде той жасауға болады”, — дейді ол.