«Бір жыл ғана бірге тұрдық»: 18 жасында тұрмыс құрған әнші Ayree жеке өміріне қатысты бар құпияны ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бір жыл ғана бірге тұрдық»: 18 жасында тұрмыс құрған әнші Ayree жеке өміріне қатысты бар құпияны ашты

«Бір жыл ғана бірге тұрдық»: 18 жасында тұрмыс құрған әнші Ayree жеке өміріне қатысты бар құпияны ашты

Белгілі әнші Ayree Динара Сәтжанға беріп, жеке өміріне қатысты тың деректермен бөлісті.

  • 23 Тамыз 2023
  • 32
Фото - Caravan.kz


Айтуынша ол күйеуімен бар болғаны бір жыл бірге тұрған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы әнші Динара Сәтжанға берген сұхбатында баяндап берді.

“18 жасымда тұрмысқа шықтым. Бір жыл ғана бірге тұрдық. Біздің ажырасуымызға үлкен нәрсе себеп болды. Мен кішкентай кезімнен ата-анамның сүйікті қызы, ата-апамның сүйікті немересі, аға-әпкелерімнің ең сүйікті жиені болдым. Кішкентайыңнан ханшайым сияқты махаббатқа қанып өстім. Бірақ мұндай жағдай мені сындырып жіберді. Күйеуім менің бірінші жігітім, алғашқы махаббатым еді. 18 жасымда тұрмысқа шықтым, 19 жасымда ұлымды босандым. Тез есейіп кеттім. Тұрмысқа шыққанда өмірім одан да керемет болады деп ойлаған менің бәрінен көңілім қалды.

Мен ұлымды дүниеге әкелдім. Қазір Әлімхан 12 жаста. Күйеуіммен ажырасып кетуімнің басты себебі, мен ерекше баланы дүниеге әкелдім. 9 айлығында балалардағы церебералды паралич (ДЦП) деген диагноз қойылды. 19 жасымда мұндай шындықты қабылдау мен үшін қиынға соқты. Жас анаға күйеуінің қолдауы ауадай қажет”, – дейді Ayree.