«Қашанға дейін жесір боласыз?»: Марқұм күйеуінен айырылған танымал актриса белгісіз ер адамның суретін желіге салып, елді шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қашанға дейін жесір боласыз?»: Марқұм күйеуінен айырылған танымал актриса белгісіз ер адамның суретін желіге салып, елді шулатты

«Қашанға дейін жесір боласыз?»: Марқұм күйеуінен айырылған танымал актриса белгісіз ер адамның суретін желіге салып, елді шулатты

Танымал актриса Әлия Әнуарбек желіде белгісіз ер адамның суретін салып, көпті елең еткізіп қойды.

  • 31 Тамыз 2023
  • 16471
Фото - Caravan.kz

Көпшілік оның марқұм күйеуінің қайтыс болғанын әрі өзінің жас екенін айтып, жаңа өмір құруға кеңес берген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Актриса желіде белгісіз ер адамның суға түскен суретін салған. Алайда қалың көпшілік оны жөнді түсінбеген сыңайлы. Олар: «Жаңа сүйіктіңіз бе? Қашанға дейін жесір боласыз? Дұрыс, әлі тым жассыз, бақытты болыңыздар!», «Сіз үшін қуаныштымыз», «Қыздарға жақсы әке керек» деп жазуда.

Алайда актрисаның сөзінше оның өмірінде әлі ешкім жоқ. Ол әдемі сурет үшін, белгісіз адамды суретке түсіріп, желіге жүктеген.


«Достар, дұрыс түсінбеңіздер, сіздер ойлағандай адам емес, бәрі уақытымен» деп жазды ол.