«Көп уайымдаппын»: Төреғали Төреәлінің орамал таққан қарындасы ешкімге айтпаған жар сырын айтып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Көп уайымдаппын»: Төреғали Төреәлінің орамал таққан қарындасы ешкімге айтпаған жар сырын айтып қойды

«Көп уайымдаппын»: Төреғали Төреәлінің орамал таққан қарындасы ешкімге айтпаған жар сырын айтып қойды

Төреғали Төреәлінің туған қарындасы Фариза Төреәлі жан сырын ақтарып, көпке айтпаған құпияларымен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

  • 7 Қыркүйек 2023
  • 3965
Фото - Caravan.kz


Жұлдызды блогер бұл құпиясымен өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Тыныштық. Жайлылық. Дәл қазіргі сәтті сипатта десе солай дер едім. Өмір бір орында тұрмайды, осының өзінде секундтар жылжып әйтеуір уақыт өтуде. Сондағы ең жаманы адамның бір орында қалып қалуы, ақылына ақыл қоспауы, түрлі сәтттерден ой түймеуі, өспеуі, жүрмеуі. Бір орында тұрған су да сасиды.. ал адамға қозғалыс керек, әрдайым жақсы жаққа талпыныс керек. Сол секілді қарбалас өмірде бір сәт тоқтап, өткеніме ой жүгіртіп, не дұрыс, не бұрыс ойланып жүрген уақыт.

Көп асығыппын. Қайда? Белгісіз. Көп уайымдаппын. Нені? Ол да белгісіз. Алланың мейірімін, Оның Рахмандығын, Рәхимдығын көп шектейміз, құл болып алып оған қалай дәтіміз барады десеңші.. Аса қамқорлығы мен мейірімін мида шектеген сайын адамда тәуекел азаяды, бәрін өз мойынына алу басталады, содан уайым мен мазасыздық жүректі жаулайды, ал уайым әйтеуір жүгіртіп қояды, ақиқатты ұмыттырады. Солай өмір өте береді, оның мәнін, не үшін Раббың сені жаратқанын ұмытасың.

Ал сен өз рөліңе түскенде сен үшін Раббың ақ бәрін жасап қояды. Ойлашы, қандай рахат негізі? Өз рөлің деген — құл болу. “Бәрін қырамын, жоямын, кімді құтқарайын, мен тұрғанда не уайым” деген өзіңе көп алатын құдай рөлінен шығып, әдемілеп әлсіз құл позициясына ауысу. Барлығы осыдан бастап реттеледі, ИнШаАлла.

Әсіресе әйел заты үшін босаңсыған күйде өмір сүру, Раббысы бар екенін ұмытпау, күйеуіне бәрін тапсырып қою, өз өмірлік миссиясын орындап жүруден асқан нәрсе жоқ. Ал бәрін қиындататын, оны қолдан жасап алатын өзіміз. Себебі: «Саған нендей бір жақсылық келсе, Алладан. Ал және бір жамандық келсе, өзіңнен». Ниса сүресі, 79-аят.

Сен ұмытсаң да Раббың сені ұмытпайды, сен әрдайым Оның қамқорлығындасың, Оның саған деген махаббаты шексіз. Сезін. Жүрегіңді аш», — деп жазды ол.