Бұл жолы көпшілік актрисаның көзі мұңды екенін байқап қойған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Актриса желіге жазба қалдырған.
«Күз — күлімдеген көзбен керемет. Мен үшін күзде ерекше жылулық бар. Әсіресе мың құбылатын табиғат ұнайды. Жауынды аспан, жапырақтардың кілем болып төселуі, қайтқан құстардың қоштасқан дауысы ғажап. Байқайсыз ба Астанада күзгі фото жасайтын әдемі жерлер өте көп. Ал мен үшін күз – жаның поэзия сұрайтын кез», — деп жазған ол.
Десе де жұртшылық өнер иесінің көңілі жабырқау екенін жазуда.
«Өзіңді өзің алдап не керек! Көзіңде мұңды жасырады алмайсың ғой!! Өзіңді де оны да босатпайсың ба?», «Кішкене ұзын киюге болмады ма?», «Осылай жазған сайын Қайрат екеуінің аралары дұрыс болмай қалды ма деймін, негізі бекер шыдап келеді осы отбасыға, баяғыда өз жөнімен кететін адам ғой» деп жазды олар.