"Жағдайым нашар": Балжан Бидаш желідегі жазбасымен елді шошытып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
0 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жағдайым нашар": Балжан Бидаш желідегі жазбасымен елді шошытып қойды

"Жағдайым нашар": Балжан Бидаш желідегі жазбасымен елді шошытып қойды

Белгілі әнші Балжан Бидаш желіде жағдайының нашар екенін айтып, елді ойландырып қойды.

  • 13 Қазан 2023
  • 142
Фото - Caravan.kz

Көпшілік өнер иесіне не болғанын білмей, сұрақтарын жаудыруда, деп хабарлайды Caravan.kz. медиа порталы. 

Бұл жағдайымен әнші Instagram-дағы Stories бөлімінде бөлісті. 

Онда ол: "Достар, жағдайым нашар" деп жылап отырған суретін жүктеді. Көпшілік әншінің бұл күйіне жақында болған ажырасу себеп болды деп болжаған. Олар: "Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады", "Сізді кім жылатты? Тыныштық па?" деген пікірлерін жаудырып жатыр. 

Алайда, кейін белгілі болғандай әншінің бұлай жылауына Қытайға виза ала алмауы себеп болған. Десе де, өнер иесі алған бетінен қайтпайтынын әрі қалай да өз мақсатына жететінін жеткізген.