"Хиджаб киіп ақылды болып кеттің бе?!": Орамалға келіп, бетін тұмшалаған танымал әнші елден оңбай сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Хиджаб киіп ақылды болып кеттің бе?!": Орамалға келіп, бетін тұмшалаған танымал әнші елден оңбай сөз естіді

"Хиджаб киіп ақылды болып кеттің бе?!": Орамалға келіп, бетін тұмшалаған танымал әнші елден оңбай сөз естіді

Қазақстандық жұлдыздар бірінен соң бірі орамал тағып, өзге дін жетегінде кетуде.

  • 17 Қазан 2023
  • 12260
Фото - Caravan.kz

Әнші Айда Меденова да орамал тағып, «Құран» жайлы жазба қалдырамын деп, елден оңбай сөз естіді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын әнші өзінің желідегі ресми парақшасында білдірген. Онда Құраннан Аятты мысалға келтірген.

«Құран – барша әлемге (күллі жындар мен адамдарға) ескерту болған ұлы кітап. Қасиетті Кітапта: «Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы мен жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары» делінген. («Фұрқан» сүресі, 1-аят).», — деп жазған ол.

Алайда көпшілік әншінің бұл образын құп көрмеген. Олар:

«Қор болған қазағымай», «Осы хиджаб киіп алып ақылды болып кететін дерді түсінбеймін ше? Адам менсінбей, хиджап кимегендерді менсінбей тәккәппарланып. Где логика?», «Бір күнде орана салу мода болды ғой! Неге бұрынғыдай қазақи нақышта киініп апаларымызды, әжелерімізді қайталамасқа», «Бетін жауып не көрінді» деп жазды олар.