«Біз бәрін жасадық»: Жахан Отарғалиев алғаш рет бірінші некесі жайлы ел білмейтін құпиясымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Біз бәрін жасадық»: Жахан Отарғалиев алғаш рет бірінші некесі жайлы ел білмейтін құпиясымен бөлісті

«Біз бәрін жасадық»: Жахан Отарғалиев алғаш рет бірінші некесі жайлы ел білмейтін құпиясымен бөлісті

Танымал әзілкеш, артист Жахан Отарғалиев алғаш рет алғашқы некесі жайлы сұхбат берді.

  • 20 Қазан 2023
  • 10972
Фото - Caravan.kz

Онда ол бірінші әйелінен не себепті бала болмағанын мәлімдеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Өнер иесі 7 жылда бірінші әйеліне ешқашан қол көтермегенін де атап өткен.

«Бәрі де бар ғой. Жеті жыл бойы бәрі жиналып, бір сәтте бәрі шықты. Көңіл бөлмегенде қалай? Жұмыс істеу керек болды, ешқашан қол көтерген емеспін… Ауыр сөз айтып қалған шығармын, бірақ 7 жылдың ішінде ешқашан: «Сен маған бала туып бермедің ғой» деген әңгіме айтқан жоқпын. Мен де кінәлі болған жоқпын, мен білмеймін ғой, қайсымыздан екенін… Бірақ біз бәрін жасадық. Медицинада болады ғой, бір-біріне сәйкес келмейтін адамдар болады дейді. Бәлкім сол шығар деп ойладым», — деді артист.