Қазақстанды өз елім деп санаймын - ДДСҰ басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанды өз елім деп санаймын - ДДСҰ басшысы

Қазақстанды өз елім деп санаймын - ДДСҰ басшысы

 

  • 23 Қазан 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Елордада өтіп жатқан алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі халықаралық конференцияда сөз алған Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстанды өз елі санайтынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Құрметті құда, құрметті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев! Мен үшін Қазақстанға оралу зор мәртебе. Қазақстанды өзімнің елім деп санаймын», — деді Тедрос Гебрейесус сөз басында.

Кейін ол алғашқы медициналық-санитариялық көмек бағытындағы ілкімді істері үшін Президент пен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа алғыс білдірді.

«Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дұрыс дамыта отырып, халықтың әл-ауқатын көтерді», — деп тоқталды Тедрос Гебрейесус.

Айта кетейік, Дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус — ақын Жүрсін Ерманның құдасы.

Қоса кетсек, аталған конференцияға қатысып жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы медициналық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық коалиция құруды ұсынды.