Спортшы бұл туралы «Бірге-бір» бағдарламасына берген сұхбатында әңгімеледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Оның айтуынша, спортқа алғаш келгенде физикалық тұрғыдан әлсіз болған. Соған қарамастан, өзіне деген сенімін жоғалтпай, тынымсыз еңбек еткен.
“Спортқа келгенде физикалық жағынан әлсіз болдым. Мектепте атаман болдым. Бірақ, бойым ұзын, арық едім. Спортта “етті” балалардың ғана жолы болады деп ойладым. Сонда да тоқтамадым, өзіме сендім, еңбек ете бердім. Қызылорда тұрған кезде карантин уақыты еді. Анам да біледі, таңертең жүгіріп, жаттығу жасайтымынмын. Спортқп әкелген Олжас Ақсейітов ағам дайындады. Залда алғашқы бапкерлерім Тұрсынов Бексұлтан, Байназаров Ербол ағайларым жаттықтырды. Еңбек еттім. Әрине, бастапқы 1-1,5 жылда тек жеңілістер болды. Тіпті қалааралықта жеңе алмайтынмын. Кейін Қазақстан чемпионы болдым, Азияны ұттым. Жеңілістердің арқасында әлсіз жеремді мықты қылып, жеңіліс тұғырына көтерілдім”, — дейді ол.
Сондай-ақ, ол болашақта қарапайым өмір сүріп, ауылға қоныс аударып, мал шаруашылығымен айналысуды қалайтынын да жасырмады.
“Маған атақ, даңқ ұнамайды. Өзіммен өзім болсам деймін. Спортты қойсам, инстаграм, тик ток секілді әлеуметтік желілерден жоқ болып кеткім келеді. Қазір амал жоқ, осв арқылы нан тауып, отбасымды асырап отырғаннан кейін медиа жағын дамыту керек. Келіншегіме “Алла қаласа, жақсы жетістікке жеткесін мал алып, ауылғс көшеміз” деймін. Жасым да келсе керек те болмай қалатын шығармын. Әр нәрсенің уақыты бар”, — дейді Қожахмет Иманғали.