Алматыда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алматыда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Күзгі ағаш отырғызу аясында қаланың түрлі ауданында 23 мыңнан астам көшет отырғызылды.

  • 27 Қазан 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Наурызбай ауданында 10 мың ағашты отырғызу 30 қазанда басталады.

Ғалымдардың ұсынысымен көше бойына жалпақ жапырақты қарағаш, емен, үйеңкі, шаған, терек, ал саябақтар мен скверлерде катальпа, қайың, акация, шырша және жеміс ағаштары отырғызылады. Бұл ұйыса өсіп, саялы көлеңке болады және ластанған ауаны жақсы ұстайды.

Көшеттерді жақсылап суару үшін суару жүйелері орнатылған, ал жеткізушілер 3 жылға дейін ағашты күтіп-баптауға міндетті.

Биыл Алматының жасыл қоры 320 мың жасыл желекпен толығады, оның 22 мыңы көктемде, 298 мыңы күзде отырғызылды. Бұл қаладағы экологиялық ахуалды жақсартып, жайлы өмір сүруге септігін тигізеді.