Асхат Сапарғалиевтің соңында екі баласы жетім қалған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Белгілі болғандай кеншіні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең сағат 10.00-де Қарағанды қаласындағы Бала қажы мешітінде өтпек. Ас Әбиба мейрамханасында өтеді.
Кенші шахтада кен жұмыскері болып қызмет еткен. Ол бұл жұмыста 6 жыл бойы қызмет еткен.
Өкініштісі шахтердің соңында екі баласы жетім қалған. Марқұм Асхат Сапарғалиевтің қызы 10 жаста болса, ұлы бар-жоғы 4 жаста қалған.
Қазақстандықтар қаза болған кеншілердің отбасыларына жаппай көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізуде.