"Адам түгіл, темірді жұлып әкеткен": Шахтадағы апаттан кейін жер астына алғаш болып түскен кеншілер онда көрген сұмдықтарымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Адам түгіл, темірді жұлып әкеткен": Шахтадағы апаттан кейін жер астына алғаш болып түскен кеншілер онда көрген сұмдықтарымен бөлісті

"Адам түгіл, темірді жұлып әкеткен": Шахтадағы апаттан кейін жер астына алғаш болып түскен кеншілер онда көрген сұмдықтарымен бөлісті

Қарағандыдағы Костенко шахтасында болған қайғылы жағдайдан соң, шахтаға түске кеншілер ондағы көзбен көрген сұмдықтарын айтты.

  • 1 Қараша 2023
  • 161
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғандай, жарылыстың күші жойқын болғаны соншалық, ол жер астында адам түгіл, болат темірлерді жұлып әкеткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Шахтадағы алапат жарылыстан соң, оның астына түскен кеншілер жер астында не көргендерімен бөлісті. 

"Не айтарымызды да білмей тұрмыз, астының бәрі қара түнек. Әр жерде жатқан үйінділер. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық, адам түгілі, темірді де жұлып әкеткен. Әр жерде темір-терсек, үйінді, арасынан өтудің өзі мүмкін емес. Бір өкініштісі, ешқандай еңбек қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік сақталмаған… От тұтанса, ең аяғы оны сөндіретін су мен қолымызға қолғап та таба алмаймыз. Қайдағы қауіпсіздік туралы айтып тұрсыздар? Су жоқ, жарты сағат бойы оны іздеп, әрең дегенде бір-екі өрт сөндіру құрылғысын таптық. 

Адамдардың алдымен басын, қолын, дене бөлшектерін шығардық… Қазір шахтадағы жұмыстарға министр мен әкім жетекгілік етіп жүр, олар біздің жұмысты қайдан білсін? Егер жұмыс істеп жатқандықтарын осылай көрсеткілері келсе, айтарға сөзіміз жоқ… 

Біз оның бәрін талай рет басшылыққа айттық, бірақ олардың қолынан ештеңе келмейді. Жекеменшік болғандықтан, мемлекет, Үкімет оған араласа алмайды. Әріптестерімізден айдың-күннің аманында айырылып қалдық, бізге үлкен соққы болды. Сол күні үйге келген соң отыра қалып жыладым, себебі сонда опат болған жігіттердің бәрі отбасыларын асыру үшін, өмірлеріне қауіп төндіріп, сонда кеткен еді. Жағдай осылай болды, жігіттерге обал болды", — дейді кеншілер. 

Желі қолданушылары кеншілердің ашы шындықты айтқанына риза болған. Олар: 

"Жігіттер шындықты бетті айттыңдар, жарайсың", "Барлық жерде былық, орман, шахта, тағы не қалды өзі? Ал осының бәріне жауаптылар әлі отыр", "Жаңа Қазақстанның түрі осы ма? Соған сенген адамдар қазір қайда екен?", "Жігіттерге обал-ай, жылағысы келіп тұр, жайайқайларын жеткізді", "Миталлды несіне кінәлайсыңдар? Оның басқа елдеріндегі шахтада мұндай былық жоқ, біздің Үкімет өздері кінәлі, қашан бұлар кетеді екен жалпы? Бұларға айтып сөз, ұрып таяқ өтпейтін болды ғой" деп ашына жазды олар.