Елімізде Қазақ-француз университеті ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде Қазақ-француз университеті ашылады

Елімізде Қазақ-француз университеті ашылады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Франция мен Қазақстан президенттерінің Ақордадағы кездесуі алдында Қазақ-француз университеті ашылатынын айтты.

  • 1 Қараша 2023
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін Мемлекет басшылары арасында Қазақстанда Қазақ-француз университетін ашу мәселесі пысықталатыны мәлім етілді», — деді Саясат Нұрбек.

Оның сөзінше, аталмыш жоғары оқу орны Қазақ-алман университетінің үлгісімен құрылуы мүмкін.

«Біз жеке жұмыс тобын құрып, мәселені сол алаңда талқылаймыз. Сондай-ақ өңірлердегі жоғарғы оқу орындарында мықты франциялық университеттерді тарта отырып, зерттеу кафедраларын ашу мәселесін талқылаймыз. Франциялық университеттерден келген делегациялар да біздің елде жүр. Бүгін екі ел ректорларының форумы басталады. Іс-шара Алматы қаласында 3 күн бойы өтеді», — деді министр.

Еске салайық, Франция президенті Қазақстанға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың

шақыруымен келді. Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды деп жоспарланған.

Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға былтыр жасаған ресми сапары аясында 35 құжатқа қол қойылған болатын.