Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

 

  • 2 Қараша 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 467 – 472 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 467– 472 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал Алматыда доллар бағамы 469,5-472,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 2 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 470,09 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,05 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93-5,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5-5,15 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 1 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,19 теңгеге қымбаттап, 469,83 теңге болған.