«Ауырып қалдым»: Жахан Отарғалиев отбасын сақтап қалғысы келгендігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ауырып қалдым»: Жахан Отарғалиев отбасын сақтап қалғысы келгендігін айтты

«Ауырып қалдым»: Жахан Отарғалиев отбасын сақтап қалғысы келгендігін айтты

Актер Жаһан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасқаннан кейінгі жағдайы туралы айтты.

  • 2 Қараша 2023
  • 151
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы желідегі оқырмандарымен бөлісті, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

«Мен отбасым туралы мүлдем әңгіме қозғаған жоқпын. Себебі менің отбасым жеке кеңістігім болғаннан кейін бұл туралы әңгіме қозғағым келген жоқ. Бірақ көп адамнан «Жахан, отбасыңды қайтарсаңшы» деген смс келіп жатыр. Сол кісілерге жауап бергім келеді. Достар, мен отбасымды жайдан-жай жіберіп қоятын соншалықты ақымақ  емеспін. Мен тырыстым, бір емес, екі емес, үш емес, он емес, үш ай бардым, сөйлестім, айтым. «Ойлан, бір ай күтейін, екі ай күтейін, үш ай күтейін» деп жүргенде біраз уақыт өтіп кетті. Сөйтіп ауырып қалдым. Жалпы айтқым келетіні, қымбатты достар, мен отбасымды жайдан-жай жіберіп қойған адам емеспін. Сол үшін бір-біріміз туралы жақсы ойда болайық. Бір-біріміз туралы жақсы сөйлейік», — деді ол Instagram-дағы сторисінде.