Мемлекет басшысы "Түркі әлемі" брендін дәріптеуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы "Түркі әлемі" брендін дәріптеуге шақырды

Мемлекет басшысы "Түркі әлемі" брендін дәріптеуге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркі әлемі" атты жаңа брендті дәріптеуге шақырды. 
 

  • 3 Қараша 2023
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Түркі жұрты Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлап жатыр. Түркі әлемінің өркениеті Ұлы даладан бастау алатыны баршаға мәлім. Осы ортақ құндылықтарымыздың мұрагері – Түркі мемлекеттері ұйымы.

Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі дамытуға мүдделі. Түркі ықпалдастығын тереңдету – ортақ мұрат. Біз "Түркі әлемі" атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек. Сонда ғана түркі халықтарының ынтымағы барынша нығайып, әлеуеті арта түседі.

Қазақстан ұйымға төраға ретінде өзара іс-қимылды жандандыруға баса мән беріп отыр. Сондай-ақ біз түрлі саладағы байланысты орнықтыруға, халықаралық беделімізді көтеруге күш саламыз", — деді Мемлекет басшысы.