Қазақстанда қанша ұшақ бар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қанша ұшақ бар

Қазақстанда қанша ұшақ бар

Қазақстандағы әуе компанияларының қайсысында жаңа ұшақтар бар? Ал ұшақтардың орташа жасы қанша? 

  • 5 Қараша 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 11 әуе компаниясы ұшуды жүзеге асырады және олардың иелігінде 99 ұшақ бар. Ең жаңа ұшақтар Air Astana мен оның еншілес компаниясы Qazaq air-ге тиесілі. Үшінші орында Fly Arystan лоукостеры тұр. Scat 8-ші орында, бұл компанияның иелігіндегі ұшақтардың орташа пайдаланылған уақыты 15,5 жылды құрайды.

Республикадағы әуе кемелерінің орташа пайдаланылған уақыты 11,2 жылды құрайды.

Ірі әуе компаниялары туралы ақпарат жинайтын сайт airfleets.net мәліметтері бойынша, әлемдегі ең ірі тасымалдаушылар арасында ең көне ұшақтарға Delta Airlines ие. Оның ұшақтарының орташа жасы 17 жылды құрайды. Екінші және үшінші орындарда Air Canada және United Airlines тұр, ұшақтардың орташа жасы — 14,2 және 14,1 жыл.