«Осылардан бәрін күтуге болады»: Алматы облысында хиджабқа оранған әйел ондаған адамды алдап соғып, тақырға отырғызып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Осылардан бәрін күтуге болады»: Алматы облысында хиджабқа оранған әйел ондаған адамды алдап соғып, тақырға отырғызып кетті

«Осылардан бәрін күтуге болады»: Алматы облысында хиджабқа оранған әйел ондаған адамды алдап соғып, тақырға отырғызып кетті

Алматы обылсында 38 жастағы әйел ондаған адамды алдап, тәртіп сақшыларының қолына түсті.

  • 7 Қараша 2023
  • 5544
Фото - Caravan.kz

Хиджабқа оранған әйел, бұған дейін де бірнеше рет істі болғаны анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

ІІМ баспасөз қызметінің хабаралуынша, әйел адам бұған дейін 15 адамды алдап соққан. Ол өзі пәтерді жалға алып, ақшасын төлейтін кезде, пәтерді басқа адамға жалға беріп отырған. 

Онымен қоймай, жалға берген адамдардың бәрінен бірден бір немесе бірнеше айдың ақшасын сұрап, алданған адамдардан кем дегенде 150-400 мың сұрап отырған. 

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары басталған. Сонымен бірге әйел адамның бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстары үшін, істі болғаны анықталды. 

Көпшілік аталған оқиғаны естіп, хиджабтағы әйел адамды қатаң сынға алуда. 

"Осылардан бәрін күтуге болады", "Неге? Жақсы емес пе? Біздің ұятмендер қайда? Ашық-шашық киінген қыздармен алысатын… Сондықтан бұлардан бәрін шығады, бәрі адамға байланысты", "Орамалдағы сайтандар десеш" деп жазды олар.