"Біреуі сүйікті әншім, біреуі істі болып, босап кеткен ең құрметсіз экс вице-министр": Сотталған экс-шенеунікпен жаңа радио ашқан Мейрамбек Бесбаевтың басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
0 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Біреуі сүйікті әншім, біреуі істі болып, босап кеткен ең құрметсіз экс вице-министр": Сотталған экс-шенеунікпен жаңа радио ашқан Мейрамбек Бесбаевтың басы дауға қалды

"Біреуі сүйікті әншім, біреуі істі болып, босап кеткен ең құрметсіз экс вице-министр": Сотталған экс-шенеунікпен жаңа радио ашқан Мейрамбек Бесбаевтың басы дауға қалды

Танымал педагог, қоғам белсендісі Ахметжан Аяжан бұрынғы вице-министр, жемқорлық бабы бойынша істі болған Эльмира Суханбердиеваның басы тағы да бәлеге қалғанын мәлім етті.

  • 8 Қараша 2023
  • 183
Фото - Caravan.kz

Ол бұрынғы шенеуніктің танымал әнші, қазақ эстрадасының жұлдызы Мейрамбек Бесбаевпен бірге радио ашқан жаңалығын қабылдай алмайтынын кесіп айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы ойын педагог өзінің желідегі парақшасында мәлім етті. 

"Мына кісі қазақтың ең сүйікті әншілерінің бірімен бірігіп радио ашқан ба? Мейрамбек & Суханбердиева деген бірге жұмыс істеуін көзіме еш елестете алмайды екем… Біреуі ең сүйікті, құрметтейтін әншім…

Біреуі білім саласының түбіне жеткен, Астананың білім басқармасын, білім және ғылым министрлігін былықтырған, жемқорлық бабымен істі болып толық мойындап, босап кеткен ең құрметсіз экс вице-министр… От пен су қосыла ма ағайын?

Бұндайдан сапалы дүние шыға ма????", — деп таң қалды ол. 

Желі қолданушылары да бұл жаңалыққа таң қалғандарын жасырмаған. Олар: 

"Таңқалып жүрмін. Мейрамбек Беспаевтың осы кісімен бірігіп жұмыс жасап жүргеніне", "Ештеңеге таң калмайтын заман болып тур ғой, Алла адастырмасын адамды", "Біздің қоғам қандай, басшыларда сондай! Керісінше емес. Бұл елді түземейінше, бұл қасірет кетпейді! Шындық осы!", — деп пікірлерін жаудыруда.