Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.63
  • 544.5
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды

Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды

 

  • 10 Қараша 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

Атыраудың экс-әкімі Қайрат Оразбаев ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокуратура Атырау әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қаладағы жер телімдерін заңсыз бөлу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.

"Осы іс аясында 9 қарашада Атырау қаласының экс-әкімі Қ.Оразбаев қамауға алынды, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қайрат Оразбаев 2020-2022 жылдары әкім болып жұмыс істеген еді.