Бишімбаевтың әйелінің өлімі бойынша «Гастро-орталық» директоры қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бишімбаевтың әйелінің өлімі бойынша «Гастро-орталық» директоры қамауға алынды

Бишімбаевтың әйелінің өлімі бойынша «Гастро-орталық» директоры қамауға алынды

Оған қылмысты жасырды деген айып тағылды. 

  • 14 Қараша 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Астана қаласының Полиция департаменті «Гастро-орталық» директорының екі айға қамауға алынғанын мәлімдеді. 
 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды. 

«BAU мейрамханасында әйелді өлтіру фактісін тергеу аясында Гастро орталығының директорына қатысты бұлтартпау шарасы – 2 айға қамауға алу санкцияланды», — делінген ПД хабарламасында.  

Қылмысты жасырды деген ер адам ҚР Қылмыстық кодекснің 432-бабы бойынша күдікке ілінді.

«Қазіргі кезде тергеу жалғасуда, басқа ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», — делінген хабарламада.