Ол бұл туралы журналист Асхат Садырбайдың «Парадокс» жобасына берген сұхбатында әңгімелеп берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
«Жақсы табамын. Мен осы жерде айтайын, продюсерлердің ішінде Гүлнұр Мамасарипова жақсы төлейді. Еңбегіңді жемейді. Келіскен бағаңды береді. Екі ортада мәміле болады ғой», – дейді актриса.
Сондай-ақ ол «Келінжан» жобасынан түскен табысы туралы айтты.
«Акордно деген бар. 7 күнге осындай, 9 күнге осындай сома деген. Осы жолы 9 күнге 6 миллион алдым», – дейді актриса.