Біз өз туымыз астында миссияны орындауға барамыз - қорғаныс министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біз өз туымыз астында миссияны орындауға барамыз - қорғаныс министрі

Біз өз туымыз астында миссияны орындауға барамыз - қорғаныс министрі

 

  • 19 Қаңтар 2024
  • 8
Фото - Caravan.kz

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазақстандық бітімгершілік күштері бағытының егжей-тегжейін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде алғаш рет БҰҰ-ның бізге тәуелсіз миссия беруіне қолжеткіздік. Біз өз туымыз астында миссияны орындауға барамыз. Бұл ең маңыздысы. Екіншіден: бізге ұсынылатын міндеттер – аумақты патрульдеу, коменданттық қызметті атқару. Рота резервте болады", — деді Жақсылықов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Бұл ретте министр әскерилер 15 жауынгерлік көлік, инженерлік техника, стандартты қару-жарақ, байланыс құралдары және медициналық қажеттіліктермен қамтамасыз етілетінін атап өтті.