Халық үрейленіп аулаға шығып кетті - Алматыда 5 балдық жер сілкінісі сезілді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық үрейленіп аулаға шығып кетті - Алматыда 5 балдық жер сілкінісі сезілді

Халық үрейленіп аулаға шығып кетті - Алматыда 5 балдық жер сілкінісі сезілді

Алматыда қуатты жер сілкінісі болды. 

  • 23 Қаңтар 2024
  • 57
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.

Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.

алматы

Фото: Kazinform/Александр Павский

Алматы тұрығындары үрейленіп, үйінен көшеге, далаға шығып жатыр.