Алматыда 92 бағытта жүретін автобустар жаңартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 92 бағытта жүретін автобустар жаңартылды

Алматыда 92 бағытта жүретін автобустар жаңартылды

Алматыда 24 қаңтардан бастап 92 бағытта жаңа автобустар жүре бастайды. 

  • 24 Қаңтар 2024
  • 2
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"АлматыЭлектроТранс" ЖШС-ның мәліметінше, Golden Dragon маркасының төмен еденді 12 метрлі автобустары жолға шығады.

"Автобустар жайлылықты арттыруға және жолаушылардың қауіпсіздігі үшін арналған заманауи технологиялық жиынтықпен жабдықталған. Сондай-ақ бейне тіркегіші бар. Жалпы сыйымдылығы 113 орын, оның ішінде 28 отыратын, 85 тұруға арналған орындар. Бұған дейін 92 бағытта Zhong Tong маркалы автобустар жүретін", — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Компания, сондай-ақ, автобустардың саны 22-ден 25-ке дейін көбейгенін хабарлады. Бұл қоғамдық көлікті күту уақытын қысқартып, сервис сапасын жақсартуға мүмкіндік бере түспек.