Таразда көктайғақтан бір күнде 250-ге жуық адам дәрігердің көмегіне жүгінген - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда көктайғақтан бір күнде 250-ге жуық адам дәрігердің көмегіне жүгінген

Таразда көктайғақтан бір күнде 250-ге жуық адам дәрігердің көмегіне жүгінген

Тараз қаласында көктайғақ салдарынан бір тәулікте 250-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 100 адамға артық.

  • 24 Қаңтар 2024
  • 11
Фото - Caravan.kz

Қалалық аурухананың жарақат бөліміне барғандардың дені- көпқабатты үйлердің тұрғындары.

Тайып жарақат алғандардың арасында, балалар да бар, деп жазады  Сaravan.kz медиа порталы qazaqstan.t-ға сілтеме жасап. 

Облыс орталығында кейінгі кездері ауа-райы күрт құбылып тұр. Күндіз шамалы еріген қар, кешкісін қайтадан қатады.

Сондықтан, жаяу жүргіншілер арасында жазатайым жағдай жиілеген.

"246 адам түсті, оның ішінде 7 адам травмотология бөліміне жатқызылды. Түскен азаматтардың жастары 30-дан 70 жасқа дейін. Оның ішінде аяқ, қол, қабырғалардың сынуы бойынша қаралып кеткен."