Қазақстан футбол құрамасы Түрікменстанмен жолдастық кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан футбол құрамасы Түрікменстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан футбол құрамасы Түрікменстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан құрамасы алдағы Грекиямен болатын ойынға дайындығын Біріккен Араб Әмірлігінде өткізеді. 

  • 31 Қаңтар 2024
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық футболшылар 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алу үшін плей-офф сатысында Грекиямен кездеседі.

Аталған ойынға әзірлікті Қазақстан ұлттық құрамасы 8 наурызда бастайды.

Оқу-жаттығу жиыны Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында болады.

Ал 14 наурызда Түрікменстан құрамасына қарсы жолдастық ойын жоспарланған.

Айта кетсек, 21 наурызда Афина қаласында ұлттық құрама плей-офф матчын Грекияға қарсы өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия кубогында Өзбекстан құрамасы ширек финалға шықты.