Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Бас прокураткрасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Ағымдағы жылдың 1 ақпаны күні Қарағанды облысында Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында 27.01.2024ж. сағат 00.20 шамасында орын алған «Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтіру оқиғасы бойынша күдікті Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды.Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын",- делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады.
Еске сала кетейік, 27 қаңтарда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан видео тарап, кейіннен күдіктіге іздеу жарияланғаны хабарланған болатын.