"Оларды тіпті тіліме тиек қылып, ақталғым да, жауап бергім де келмейді": Азамат Сатыбалды өзін айыптағандарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оларды тіпті тіліме тиек қылып, ақталғым да, жауап бергім де келмейді": Азамат Сатыбалды өзін айыптағандарға жауап берді

"Оларды тіпті тіліме тиек қылып, ақталғым да, жауап бергім де келмейді": Азамат Сатыбалды өзін айыптағандарға жауап берді

Шәкен Айманов атындағы"Қазақфильм” ұлттық киностудияның аумағын қытай көліктерінің тұрағына айналдырды деп басы дауға қалған Азамат Сатыбалды барлық шындықты жайып салды.

  • 15 Ақпан
  • 44
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Хабарlike" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қазақфильм 16 гектар жері бар. Қазақфильмнің арғы бұрышында 1,5 гектар автогаражы бар. Автогараждың 80 пайызы бос тұр, қаңырап. Маған дейін де ол жалға берілген, СТО болған, басқасы болған. Мен соны арнайы заңды түрде жалға беру арқылы Қазақфильмнің 10 қызметкерін қысқартудан сақтап қалдым. Құжаттың барлығы өтірік болатын болса, оның барлығы арам тірлік болатын болса мен баяғыда Қазақфильмнен шығып кететін едім. Барлығы ашық, заңды. Келіп тексерсін, көрді де", — деп жауап берді Азамат Сатыбалды.

Ол сондай-ақ өзін сынаған жандарға да жауап берді.

"Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады" дейді. Мен ешқашан да ақталмаймын. Мен айына ешқандай бір көлік те алмаймын. Менің тіпті қызметтік көлігім де жоқ. Мен достарымның берген көлігін мініп жүрмін. Біреуді қаралау арқылы өздеріне хайп жинайтын адамдар ойлануы керек. Мен Алланың алдында да, заңның алдында да адал, дұрыс жұмыс жасап келе жатқанымды білемін. Менің мақсатым — Қазақфильмге адал жұмыс жасау, Қазақфильмді кризистен алып шығу. Ал сырттан үріп тұратын адамдардың маған ешқандай қажеті жоқ. Оларды тіпті тіліме тиек қылып, ақталғым да, жауап бергім де келмейді", — деп жауап берді Азамат Сатыбалды.