Құны миллион теңгелік сұрақ: алаяқтар жалған ұтыс ойындары мен сауалнамалардан қалай ақша табады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құны миллион теңгелік сұрақ: алаяқтар жалған ұтыс ойындары мен сауалнамалардан қалай ақша табады

Құны миллион теңгелік сұрақ: алаяқтар жалған ұтыс ойындары мен сауалнамалардан қалай ақша табады

Желіде сауалнамаға қатысып, ақша алу немесе белгілі бір компанияның атынан бағалы сыйлықтар ұтысына қатысу туралы ұсыныстар жиі кездеседі. Көп жағдайда оны алаяқтар жасайды.

  • 16 Ақпан
  • 8745
Фото - Caravan.kz

Мұндай схемалардың қалай жұмыс істейтініне тоқталайық, деп жазды  stopfake.kz


Сауалнамадан өткенің үшін ақша төлейтіні рас па?

Ақша төлеуі мүмкін, бірақ ондай сирек кездеседі. Әдетте, нарықты жақсырақ зерттеу үшін танымал брендтер ақылы сауалнамалар жүргізеді.


Шын және жалған сауалнаманы қалай ажыратуға болады?

Біріншіден, бұл сауалнамаларға адамдардың бәрі бірдей қатыса алмайды. Оған тек брендтің мақсатты аудиториясы ғана тартылады: жасөспірімдер, аналар, автокөлік иелері немесе пайдаланушылардың басқа санаттары.
Екіншіден, мұндай сауалнамалар бір реттік және қатысушылар саны шектеулі болады.
Үшіншіден, мұндай сауалнамалар туралы хабарландырулар ресми сайттарда немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларда орналастырылады. Шақырулар мессенджерлерде күмәнді сілтемелер түрінде таратылмайды.


Жалған сауалнамадан өту неге қауіпті?

Пайдаланушыларды алдаудың екі негізгі схемасы бар.
Біріншісі – фишинг. Сауалнама қорғалмаған онлайн платформада орналастырылады. Пайдаланушы барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін, сайттағы арнайы жолдарға банктік карта деректерін жазуы тиіс. Ал енгізілген барлық ақпаратты алаяқ көріп отырады және банктік шотты толық басқаруға мүмкіндік алады.
Екінші схема келесідей. Сізге қомақты төлем туралы хабарланады, бірақ оны алу үшін жүйе картаны «тануы» үшін шағын, «сәйкестендіру» төлемін жасау керек. Шын мәнінде ешқандай ұтыс жоқ, ал сіз ақшаны алаяқтарға жай аударып бересіз.


Ал ұтыс ойындары ше? Олар да өтірік пе?

Егер ұтыс ойыны туралы хабарландыру оны өткізетін компанияның ресми сайтында орналастырылмаса, онда бұл алаяқтардың ісі болуы мүмкін. Ірі брендтер мен кәсіпорындар акциялар мен ұтыс ойындары туралы өздерінің ресми платформаларында және әлеуметтік медиа парақшаларында хабарлайды және үшінші тарап арқылы мессенджерлерде хабарландырулар таратпайды.


Мені алдап жатқанын қалай түсінуге болады?

Алаяқтықтың жанама белгілері көп: сауатсыз жасалған сайттан бастап хабарландырудағы емле қателеріне дейін. Алайда, олардың барлығы екінші дәрежелі. Басты белгі – ұйымдастырушылардың сіз жеңіп алған бағалы сыйлықты «брондау» қажеттілігі туралы өтініші. Бұл әдетте былай болады: сізге өте құнды зат ұтып алғаныңыз туралы хабарлайды. Мәселен, көлік. Олар оны белгілі бір салық, баж немесе салым, басқа да төлем жасағаннан кейін ғана жеткізедіндерін айтады. Әдетте, оның мөлшері «ұтып алған» көліктің құнынан бірнеше есе аз болады. Еш ойланбастан сіз аталған «салықты» төлейсіз, ал біраз уақыттан кейін сіз ешқандай көлікті ұтып алмағаныңызды және «салықтың» алаяқтарға төлегеніңізді түсінесіз.
Шын өткізілген ұтыс ойындарында барлық салықты, қажет болған жағдайда, ұйымдастырушы төлейді, ал жеңімпаз ешқандай шығын шығармайды.


Алаяқтықтан қалай сақтануға болады?

Күмәнді сауалнамалар мен ұтыс ойындарына қатыспағаныңыз жөн. Ұйымдастырушылар мессенджерлерде тарату арқылы емес, ұтыс туралы тікелей хабарлаған акциялар мен іс-шараларға ғана қатысу керек.