Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Театр саласында жүрген мамандар мен өнер сүйер қауымға бір сұрағым бар.
Қайрат Нұртастың үйіндегі келінді біресе Астананың, біресе Түркістанның тіпті Жетісайдың драма театрында жүргенін көріп қаламын. Енді міне Атырау театрында да жүр. Арасынды көгілдір экраннан хабар жүргізіп жүргенін көреміз.
Бұрын-соңды театр саласында еңбек етіп, тәжірибе жинамаған адамды басты рөлге шақыратындай не құдірет?
Түсінер едім, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Қуанышбаев театрындағы тәжірибелі актерлерді шақырса… Жастар театрының негізін қалаушы актерлер де ғаламат!
Бұл не театрға адам жинаудың бір жолы ма?
А.Тоқпанов ат драма театрында да қырғыз режиссер өз актрисасымен келіп, басты рөлді ойнатқан. Спектакль қазақ тілінде өткен, басты рөлдегі Жәмилә қырғызша сөйлеген. Бір рет ойнап, атақ-марапатын алып кеткен. Осындай көзбояушылықтың не керегі бар?
"В чужой монастырь со своим уставом не ходят" дейді ғой.
Сонда осы әдіс облыстық мәдениет басқармасын, театр директоры мен көркемдік жетекшілерін қанағаттандыра ма?
Кім не ұтады? Әлде бұл жерде біз білмейтін ақшалар жүріп жатыр ма? Көтерілмейтін рейтинг ешқашан көтерілмейді. Қай салада болса да! Сырттан қанша жерден танымал адамды әкелсең де. Ол үшін ұжымның әу бастағы іргетасы дұрыс қалану керек! Керемет режиссер болсаң, бұрыннан маңдай терін төгіп жүрген актердің бағын аш!
Солай! Ал оңды-солды эксперимент жасағыш режиссерлер жайлы әңгіме бөлек", — деп жазды актриса.