Алматыда электр бағаналарының жабдықтары ұрланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда электр бағаналарының жабдықтары ұрланып жатыр

Алматыда электр бағаналарының жабдықтары ұрланып жатыр

Қаскүнемдер люктерді ұрлағанмен қоймай, сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын жиі бұзады.

  • 27 Ақпан 2024
  • 13
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматыда электр бағаналарының жабдықтарын ұрлау жиілеп кетті, деп хабарлады қала әкімдігі.

Алматыда көшедегі жарықтандыру бағаналарының люктері жаппай ұрланып жатыр.

"Алматы Қала Жарық" МКК былтыр күзден бастап шам бағанасындағы 2000-нан астам люкті ауыстырды. Люк – шам бағанының түбіндегі металл қақпақтар. Бұл жерде шамның сымдары магистральдық кабельге қосылады. Олар желілерді жөндеу, кабельді ауыстыру және басқа жұмыстар үшін қажет. Қаскүнемдер люктерді ұрлағанмен қоймай, сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтарын жиі бұзады, соның кесірінен көшелерде тоқ болмай қалады", — дейді МКК басшысының орынбасары Вадим Макаров.

Бұл аздай, қаскүнемдер торшерлі тротуар шамдарын сындырып кетіп жүр. Осыған байланысты кей тіректерге "вандалға қарсы" шамдар орнатылады.

"Егер сіз ұрлықтың немесе бұзақылықтың куәсі болсаңыз, полицияға хабар беріңіз. Ал шам зақымдалса, диспетчерлік қызметке 8(727)3902040; 8(727)3902060, 8(771)718-24-39, 8 (771)718-24-56 хабарласыңыз", — деп жазды ведомство.