Астанада ізгі әрі ержүрек қазақстандықтарға құрмет көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ізгі әрі ержүрек қазақстандықтарға құрмет көрсетілді

Астанада ізгі әрі ержүрек қазақстандықтарға құрмет көрсетілді

Рухы мықты әрі нағыз ізгі жандар ғана батылдық пен қайырымдылық таныта алады. Нұрсұлтан Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауы 6 жыл қатарынан осындай қазақстандықтарды анықтап келеді.

  • 26 Ақпан
  • 3
Фото - Caravan.kz

Елордада ұйымдастырушылар VI байқауды қорытындылады. «Астана балет» ғимаратында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. 

Олардың арасында адамды ажалдан арашалағандар мен қайырымдылықпен айналысып, ұлттық құндылықтарды нығайтуға септігін тигізіп жүрген меценаттар да бар.

 «Жыл сайын байқау игі іске бей-жай қарамайтын жүздеген адамды, бейбіт күннің нағыз батырлары мен елдің патриоттарын анықтайды. Өзгеге үлгі-өнеге болып, ерлігімен тәнті еткен, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген әрбір жанның өзінің тарихы бар. Қиналғанға қол ұшын созып, ізгі іс жасап жүрген қазақстандықтарды анықтауда өлшеусіз үлес қосқан Елорда мен өңірлерден келген әріптестерімізге алғыс айтамыз», — деді марапаттау рәсімінің ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

Әлкей Марғұланұлының айтуынша, бір ғана VI байқау аясында 949 өтінім келіп түскен. Ал 6 жыл ішінде еліміздің барлық түкпір-түкпірінен келген 4000-ға жуық өтінім тіркелді.

Құрамында Қор мен Қауымдастық қызметкерлері бар комиссия мүшелеріне жеңімпаздарды анықтау оңайға соққан жоқ. Себебі іс жүзінде әр қатысушы жеңіске лайық. Сондықтан ұйымдастырушылар жүлделі I, II, III орын тағайындап, бірқатар ынталандыру марапатын қарастырды.

Марапаттау рәсімі кезінде атқарушы органдар мен БАҚ басшылары сынды мәртебелі меймандар құттықтау сөз оқыды. Іс-шарада байқау финалистері туралы бейнесюжет, белгілі мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық қойылымдары көрсетілді.

Салтанатты рәсім қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жарияланды. Байқаудың жоғары наградасы – I дәрежелі медальмен марапатталды:

— «Мейірім жолында» номинациясы – Павлодар облысы Шарбақты ауданынан тұрғыны Владимир Поляков. Оның аты-жөні өңірде кеңінен танымал, өйткені ұзақ жыл бойы Владимир ауданды абаттандыруға демеуші болып, көмек қолын созып келеді. Ол ауылдың жас мамандары үшін тұрғын үй салып, ауылдың орталық саябағын қайта құру бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Владимирдің қолдауымен киім ауыстыратын жылы бөлмесі бар хоккей корты, жасанды жабыны бар футбол алаңы, бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға арналған 3 балалар ойын алаңы орнатылды. Сонымен қатар, жергілікті ғибадатхананың аумағында Владимир жаңа балалар ойын кешенін салады. Бұл істерді атқаруға  шамамен 20 млн. теңге жұмсаған. Номинация жүлдегері көптеген мұқтаж отбасыға тұрақты түрде материалдық көмек көрсетіп келе жатқанын атап өткен жөн;

— «Туған жер» номинациясы бойынша Жамбыл облысы Мерке ауылының тұрғыны Мария Нисонова жеңімпаз атанды. Туа бітті зағип ол кітапханашы болып жұмыс істейді. Алайда бұл оның белсенді болуына және адамдарға пайдасын тигізуге бөгет емес. Мария зағип және нашар көретін адамдарға компьютерде жұмыс істеу, оқу, қолөнер, дойбы және шахмат ойнау негіздерін үйрету арқылы ерекше қажеттілігі бар ауыл тұрғындарына қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, қайырымдылық акциясын ұйымдастырады. Ол фортепианода және баянда ойнайды, ертегілер жазады, ересектер мен мүгедек балаларға әдеби кездесулер ұйымдастырады, балаларға Брайль шрифтін үйретеді;

— «Асар» номинациясы бойынша Ақмола облысының Қосшы қаласынан келген Азамат Бақи I дәрежелі медальмен марапатталды. Азамат кәсіби музыкант, Құрманғазы атындағы консерваторияның түлегі. Музыкалық аспаптарда ойнаумен қатар, жасаумен де айналысады. Азамат 18 жасынан бастап ұмыт болған қазақ музыкалық аспаптарын зерттейді, қайта жаңғыртады. Көптеген аспапты Қытайдан, Моңғолиядан әкелді, ал кейбірін атақты музыканттар мен әншілердің ұрпақтарынан сатып алған. 2015 жылы «Уілдек», «Тастауық», «Үскірік», «Құссайрауық», «Шыңырау», «Қоссаз», «Қосуілдек» сынды қазақтың үрмелі аспаптарын қайта жаңғыртты. Азаматтың «Сыбызғы» аспабының үндестігін жасауда аянбай тер төкті. Сонымен қатар, «Өртеке» қуыршақ театрының алғашқы онлайн байқауын ұйымдастырып, театрға арнап әуен де шығарған. Азамат Қосшы қаласының Мәдениет үйінде ұлттық аспаптар музейін ашты. Музей қорында 1600-ге жуық аспап бар;

— «Батыл жүрек» номинациясы бойынша шымкенттік Марина Гафарова жеңімпаз атанды. Бірде түн ішінде көпбалалы ана үйінің терезесінен көршілерінің үйінің жанып тұрғанын көрді. Марина дереу өрт сөндірушілерді шақырды, содан кейін жанып жатқан ғимаратқа қарай жүгірді. Марина үйден жалаң аяқ жүгіріп шығып, қоршаудың үстінен өтіп, әйнекті сындырып, отқа оранған үйдің ішіне кіріп, кәмелетке толмаған алты баланы өрттен алып шықты;

— «Қайырмалдық тарихы» номинациясы – Алматы тұрғыны Александр Цойға бұйырды. Блогер, музыкант және қоғам қайраткері Александр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына қайырымдылық жобаларын жариялап, мұқтаж жандарға көмек көрсетуді ұйымдастырады. 2020-2021 жылдар аралығындағы белсенді жұмысының арқасында 21 балаға бионикалық протез берілді. Соңғы үш жылда тірек-қимыл аппаратының түрлі аурулары бар тағы 22 бала инновациялық, жоғары тиімді оңалту құралы — экзоскелет алды.

Бұл салтанатты рәсім аясында барлығы 24 жүлдегер марапатталды, оларға дипломдар мен медальдар табысталды, ал 11 адам ынталандыру сыйлығын алды. Олардың әрқайсысына тұрмыстық техника сатып алуға сертификат берілді.