Батыс Қазақстанда күйеуімен мүлікті бөліскісі келмеген әйел оны өлтіру үшін киллер жалдаған - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда күйеуімен мүлікті бөліскісі келмеген әйел оны өлтіру үшін киллер жалдаған

Батыс Қазақстанда күйеуімен мүлікті бөліскісі келмеген әйел оны өлтіру үшін киллер жалдаған

Полиция жедел іс-шаралар барысында Батыс Қазақстан облысында полиция тапсырыспен кісі өлтірмек болған адамның жолын кесті.

  • 1 Наурыз 2024
  • 105
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірдің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері шұғыл әрекет етіп, қайғылы жағдайға жол бермеді.

Қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен облыстың екі тұрғыны ұсталды. Ал тапсырыс беруші күйеуімен мүлікті бөліскісі келмеген әйел екен.

​Күдіктілерден олардың кінәсін растайтын заттай дәлелдер тәркіленді. Тергеу мәліметтері бойынша, қару сатып алып, кісі өлтіру үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген.

Күдіктілер ұсталды, сот санкциясымен олар қамауға алынды. Қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеліп жатыр.

Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір жәбірленушінің өміріне ешқандай қауіп жоқ. Тергеу мүддесіне сай өзге мәліметтер жария етілмейді.