Алматыдағы үш үлкен саябақ жөндеуден өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы үш үлкен саябақ жөндеуден өтеді

Алматыдағы үш үлкен саябақ жөндеуден өтеді

Биыл Алматыда Тұңғыш Президент саябағын, «Атакент» мәдени орталығының аумағын және «Южный» саябағын қайта жаңғырту және абаттандырудың жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталады.

  • 7 Наурыз 2024
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды kazinform.kz

Шаһар басшысы цирк алдындағы, Мұстафин көшесінің бойы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сарайының маңындағы субұрқақтар күрделі жөндеуден өтетінін атап өтті.

Бұған қоса, биыл ақпан айында 50 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге конкурс жарияланды.

«Абай және Гагарин даңғылдарының қиылысында ауданы 1 га жер учаскесін абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Мұнда балалар мен спорт алаңдарын, иттерді серуендету аймақтарын салу, демалуға арналған орындықтар орнату және суару жүйесі бар жасыл желектерді отырғызу жоспарда бар», — деді Ерболат Досаев.

Айтуынша,Тұңғыш Президент саябағын, «Атакент» мәдени орталығының аумағын және «Южный» саябағын қайта жаңғырту және абаттандырудың жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталады.