ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 14 наурыз күні жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 13:36-да тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 486 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы —11,4. MPV магнитудасы — 5.0. Координаттары 42,14°с.е. 82,65° ш. б. Тереңдігі — 5 км.