Бас қосуға Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы Мишель Дане төрағалық жасап, оған Еуропалық аймаққа жататын 45 елдің кеден қызметтерінің басшылары қатысады.
Бас қосу барысында кедендік ұйымдардың алдында тұрған өзекті мәселелер, соның ішінде, ұлттық экономикалық жүйелердің ашықтығы артып, сыртқы сауда ауқымы өсе түскен қазіргі жағдайда Еуроодақ пен ТМД елдерін экономикалық тұрғыда өзара интеграциялау мәселесі талқыланады. Сонымен бірге шекараларда бірлескен бақылауды ұйымдастыру, халықаралық лаңкестікпен және трансұлттық қылмыстармен, сондай-ақ, Орталық Азия аймағындағы есірткі тасымалымен күрес шаралары әңгімеге өзек болмақ.
20-қаңтарда конференцияға орай өткізілген «Сыртқы экономикалық алыс-беріс саласындағы майталмандар» атты байқаудың қорытындысы шығарылады.