ТМД экономикалық кеңесінің отырысы Мәскеуде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД экономикалық кеңесінің отырысы Мәскеуде өтеді

ТМД экономикалық кеңесінің отырысы Мәскеуде өтеді

11-наурызда Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесінің 23-отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Наурыз 2005
  • 399
Фото - Caravan.kz

Отырыстың күн тәртібіне 23 мәселе шығарылып отыр.

Атап айтсақ, отырыс барысында ТМД елдерінің энергетикалық тиімділік және энергия үнемдеу саласындағы ықпалдастық принциптері мен басты бағыттары туралы құжат қаралады.
Құжаттың басты мақсаты — энергетикалық тиімділік және энергия үнемдеу саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған шаралар кешенін жобалап жүзеге асыру, Достастық елдерінің түрлі экономикалық салаларына озық технологияларды енгізу болып табылады. Бұл міндетті жолға қою үшін тиісті стандарттарды үйлестіріп біріздендіру, нақты ғылыми-техникалық бағдарламаларды бірлесе жобалау, энергетикалық тиімділікке негізделген жобаларды жүзеге асыруға инвестиция тарту, ақпараттық қамтамасыздық жүйесін құру қажет.
Энергетикалық тиімділік және энергия үнемдеу саласындағы ықпалдастық принциптері мен басты бағыттары туралы орта мерзімді құжат 2010-жылға дейін есептелген.
Сондай-ақ, отырыс барысында ТМД аясындағы сыртқы сауда саласындағы кедендік статистиканың біртұтас әдістемесінің жобасын талқылау көзделіп отыр.ТМД Атқару комитетінен хабарлағанындай, мұндай құжаттың жобасын жасауға халықаралық сауда статистикасын жүргізуді қазіргі заманауи ағымдарға байланысты жетілдіру талабынан туындап отыр.
Құжаттың жаңа нұсқасы ТМД елдері аясындағы тауар экспорты мен импортына қатысты мәліметтерді толыққанды есепке алуға, кедендік төлемдердің мемлекеттік бюджет қоржынына құйылуына қойылатын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ТМД электр энергетикалық кеңесі туралы ережелердің жаңа нұқасын қабылдау межеленген. Бұл мекеме ТМД елдерінің электр энергетикасы саласындағы бірлескен іс-шараларын жүзеге асыру болып табылады. Ондаы мақсат — ТМД елдерінің электр қуаты жүйелерін біріктіру арқылы республикалар экономикасы мен тұрғындарын электрмен тұрақты қамтамасыз етуге саяды.

Перейти к новостям спорта