Павлодар облысында 137 кило марихуана тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында 137 кило марихуана тәркіленді

Павлодар облысында 137 кило марихуана тәркіленді

Бүгін, 4-наурызда Павлодар-Успенка автокөлік трассасында "Нива" автокөлігін тексерген жол полициясының жасағы 137 кило марихуана тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлолар облыстық ІІБ жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Наурыз 2005
  • 377
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінң түсініктемесіне сәйкес, автокөлік «Қару» шарасының аясында тексерілген. Тәртіп сақшыларының көліктің жүксалғышын ашу туралы өтінішін орындаудың орнына «Нива» жүргізушісі мен жолаушысы қашып құтылуға әрекет жасаған. Жүргізуші — 30 жастағы Павлодар тұрғыны ұсталып, оның сыбайласына іздеу жарияланды.

Жол полициясының баспасөз қызметінен хабарлауынша, автокөліктен 137 кило марихуана салынған 8 қап шықты.
Сондай-ақ, 3-наурызда «Ертіс» бақылау өткелегінде «Жигули» автокөлігінен жол полициясының қызметкерлері 5 кило марихуана тапты. Автокөлікте жүргізушімен бірге екі жолаушы отырған. Тәртіп сақшыларының пайымдауынша, есірткіні Ақсуда сату үшін тасымалдауға әрекет жасалған.

Перейти к новостям спорта