Еліміздің елшілері шетелдік жетекшілерге Қазақстан президентінің ел халқына арнаған жолдауын таныстыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің  елшілері шетелдік жетекшілерге Қазақстан президентінің ел халқына арнаған жолдауын таныстыруда

Еліміздің елшілері шетелдік жетекшілерге Қазақстан президентінің ел халқына арнаған жолдауын таныстыруда

Қазақстан Республикасының Бангкоктағы істерін жауаптанушы Сәкен Сейдуалиев БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты елдері экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Ким Хак Сумен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-інен хабарлады.

  • 4 Наурыз 2005
  • 479
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Қазақстандық елші БҰҰ өкіліне ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауының басты бағыттарын таныстырды. БҰҰ ЭСКАТО атқарушы хатшысы Қазақстанның қол жеткізген табыстарын жоғары бағалады. Әсіресе өзара етене жақын экономикалық интеграцияға бағытталған Орталық Азия елдерінің одағын құру идеясы жоғары бағаға ие болды.

Ким Хак Су өзі басқаратын ұйым Қазақстанның Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған талпыныстарын одан әрі қолдайды деп сендірді. Тараптар сондай-ақ БҰҰ-ның ЭСКАТО және БЭК комиссиялары атқарушы хатшыларының 2005-жылғы наурыздағы Қазақстанға жасайтын сапарының маңызын атап өтті.

Перейти к новостям спорта