Ющенко Назарбаевты ресми сапармен Украинаға келіп қайтуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ющенко Назарбаевты ресми сапармен Украинаға келіп қайтуға шақырды

Ющенко Назарбаевты ресми сапармен Украинаға келіп қайтуға шақырды

Украина президенті Виктор Ющенко Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республика халқына арнаған жолдауын "стратегиялық аса қуатты жаңа мемлекеттің келешегін болжаудан туындаған құжат" деп атады. Бұл туралы бүгін, 4-наурызда Астанаға жұмыс сапарымен келген Украинаның мемлекеттік хатшысы Александр Зинченко журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Наурыз 2005
  • 335
Фото - Caravan.kz

А.Зинченконың айтуынша, Украина мемлекет басшысы «аталмыш стратегиялық құжатпен зейін сала танысып шықты». Украина мемлекеттік хатшысы Н.Назарбаевқа президент Ющенконың жолдауын жеткізгенін хабарлады. «Хат құжаттан алған әсерге жауап ретінде жазылған. Онда аймақтық және халықаралық ынтымақтастыққа қатысты мәселелер кешені бойынша көзқарастардың ортақтығы айтылған»,- деді А.Зинченко.

Мемлекеттік хатшы сонымен бірге В.Ющенконың Қазақстан президентін ресми сапармен Украинаға келіп қайтуға шақырғанын хабарлады.

Перейти к новостям спорта