Украина үкіметі Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі құжаттар топтамасын талдауды аяқтап келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина үкіметі Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі құжаттар топтамасын талдауды аяқтап келеді

Украина үкіметі Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі құжаттар топтамасын талдауды аяқтап келеді

Украина үкіметінде құрылған арнаулы жұмыс тобы Біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі құжаттар топтамасын талдауды аяқтап келеді. Бұл туралы бүгін, 4-наурызда Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында Украинаның мемлекеттік хатшысы Александр Зинченко журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Наурыз 2005
  • 390
Фото - Caravan.kz

А.Зинченконың айтуынша, «үкіметтік топ сауда-саттыққа қойылған шектеулерді алып тастауға, тарифтерді біріздендіруге, тауар, капитал, жұмыс күші мен интеллектуалдық байлықтың жолында тұрған көптеген кедергілерді жеңуге мүмкіндік беретін мәселелерді қарастырып жатыр». Сонымен бірге Біртұтас экономикалық кеңістік аясында мемлекеттен мәртебесі жағынан биік тұратын қосымша мекемелер құру мәселесін А.Зинченко «басқаша жазықтықта қаралатын мәселе» деп атады.

«Біртұтас экономикалық кеңістік құруға қатысты өз ұстанымымызды біз жуырда ресми түрде жоғарғы деңгейде мәлімдейтін боламыз»,- деді Украина мемлекеттік хатшысы.

Перейти к новостям спорта