Алматының монополияға қарсы күрес мекемесі екі коммуналдық кәсіпорынға бағаны көтеруге рұқсат бермеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының монополияға қарсы күрес мекемесі екі коммуналдық кәсіпорынға бағаны көтеруге рұқсат бермеді

Алматының монополияға қарсы күрес мекемесі екі коммуналдық кәсіпорынға бағаны көтеруге рұқсат бермеді

ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қалалық департаменті "Водоканал" РМК мен "Алматыкоммунэнерго"АҚ-ына су қамтамасыздығы, канализация және жылу бағасын қымбаттатуға рұқсат бермеді. Коммуналдық кәсіпорындардың өтінішін талқылауға арналған қоғамдық тыңдаулар барысында бүгін, 4-наурызда осындай шешім қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Наурыз 2005
  • 419
Фото - Caravan.kz

Өтініш бойынша, «Водоканал» РМК суық су қамтамасыздығы тарифін 9,72 теңгеден 13,71 теңгеге (немесе 41%), канализация тарифтерін бір текше метрі үшін 5,74 теңгеден 8,21 теңгеге (43%) көтеруге рұқсат сұраған.

«Алматыкоммунэнерго»АҚ жылу өндіру және онымен қамтамасыз ету бағасын бір Гкал үшін 2473 теңгеден 3049 теңгеге көтеруге ниет білдірген.
Кәсіпорындардың басшылығы өтініштің түп-төркінін кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтеру, міндетті сақтандыруға жұмсалатын шығындар көлемінің артуы, жұмыс барысында қолданылатын шикізат пен материалдардың бағасы қымбаттау, кәсіпорындарды күзетуге жұмсалатын шығындардың артуы, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігіне байланыстырады.
Кәсіпорын басшылары алға тартқан дәйектер мен деректерге қарамастан, өтініштер қабылданбады.

Перейти к новостям спорта