Келіссөздер туралы түсініктеме берген Г.Қарағұсованың айтуынша, «екі жақ арасында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыздық салалары бойынша жан-жақты пікір алмасылды». «Біз еңбек қатынастарын қамтамасыз ету саласындағы ақпараттарды алмасу төңірегінде бірлескен шараларды жобаладық»,- деді ол. Г.Қарағұсованың пайымдауынша, Түркияда еңбек саласындағы дау-дамайларды реттеудің мейлінше жетілдірілген тетіктері қолданылады. Сонымен бірге «Түркияда жұмысшылардың ұйымдары айрықша қуатқа ие, сол себепті біз Түркияның тәжірибесін жан-жақты зерттейтін боламыз»,- деді Г.Қарағұсова.